Қорқордан не табылды?

Қорқордың 1 дәмдеуішінде
1,8-41,3 мг никотин бар
БҰЛ 20 ТАРТЫЛҒАН ТЕМЕКІГЕ ТЕҢ!
Тіпті қорқорды бастапқы кезде шегіп жүргендерде
никотинге тәуелділік пайда болады!

Қорқор колбасының қабырғасына
кобальт, қорғасын және никель
концентрациясы шоғырланып тұрады.

Қанттың көзі болып табылатын
жеміс-жидектің хош иісті қоспасы
жоғары температуралы
химиялық реакцияда
канцероген түзейді – қатерлі ісік туғызатын
заттар мен альдегидтер – өкпе тінін
зақымдайды

Қорқор көмірі
600°-650°С дейін қызады да
ағзаға тұншықтырғыш газ жібереді.

Никотин
2004 жылы Сауд Арабия химик-ғалымдары коммерциялық
темекінің 13 түрін зерттеу барысында келесіні анықтаған болатын:
Никотиннің жоғары
деңгейі орташа бір грамға
8,32мг құрайды
(1,8-ден 41,3мг дейін)
Maziak W, Fouad MF, Hammal F et. al
Pravalence and characteristics of
narghile amoking among university
students in Syria, International journal
of tuberculosis and lung disease,
2004, 8:882-9
Шылыммен салыстырғанда
никотиннің мөлшері он мәрте жоғары
Malson JL, Sims K, Murty R,
Pickworth WB, Comparison
of the nicotine content of tobacco
used in bidis and conventional
cigarettes. Tobacco control ,
10: 181-3, 2001
Никотиннің осынша мөлшерде
ағзаға түсуі қан плазмасындағы
никотинді 20% арттырады
Hadidi KA, Mohammad FL,
nicotine content in tobacco used in
hubble-bubble smoking
Saudi medical journal,
2004, 25(7)-912-7
Бұл деректер қорқорға арналған темекілер никотинсіз
болады деген дақпыртты толықтай теріске шығарды!
Шылым & Қорқор
Бір шылым
5-7 минут 8-12 ішке тарту Жану жылдамдағы жоғары 0,5-0,6 л ішке тартылатын түтін
0,36-2,7мг никотин ішке тартылады
Қорқордың бір сеансы
15-90 минут 50-200 ішке тару Жану жылдамдығы төмен 30 л ішке тартылатын түтін
БҰЛ 60 ТАРТЫЛҒАН ШЫЛЫМҒА ТЕҢ
Бір қорқордың дәмдеуішінде 1,8-41,3 мг
никотин бар БҰЛ 20 ТАРТЫЛҒАН ШЫЛЫМҒА ТЕҢ
ҚОРҚОРҒА АРНАЛҒАН
ТЕМЕКІНІҢ СТАНДАРТТЫ
БІР ҮЛЕСІНДЕ БІР ҚОРАП
ШЫЛЫМДА БОЛАТЫН
ШАЙЫР БАР
ҚОРҚОРДЫ ШЕККЕН
КЕЗДЕ ТҮТІНДІ ТЕРЕҢ
СОРҒАНДЫҚТАН ҚАУІПТІ
ТҮТІН ӨКПЕГЕ
ТЕРЕҢ ЕНЕДІ
ҚОРҚОР КОЛБАСЫНЫҢ
ҚАБЫРҒАСЫНА ЖОҒАРЫ
МӨЛШЕРДЕ КОБАЛЬТ,
ҚОРҒАСЫН ЖӘНЕ НИКЕЛЬ
КОНЦЕНТРАТТАРЫ ЖИНАЛЫП ТҰРАДЫ
Қорқор шайындысынан табылды!
  1. Синегнойная палочка
  2. Золотистый стафилококк
  3. Грибок аспергилла
  4. Дрожжевой грибок Кандида
  5. Кишечная палочка
Көкіріңді таяқша (Pseudomonas aeruginosa) – көптеген жұқпалы ауруларды тудырғыш болып келетін таяқша тәрізді қозғалғыш бактерия. Спор тудырмайды, түзу немесе имек таяқшалар пішінді, жалған аяқ арқылы жылжиды.

Қоршаған ортада кең таралған. Қоректік ортаны көк-жасыл түске бояйтын арнайы пигментті түзейтіндіктен көкіріңді таяқша деп аталады. Ол көптеген зарарсыздандырғыш дәрі-дәрмектердің әсеріне төзгіш және олардың әлсіз ерітіндісінде, сондай-ақ тазартылған суда да көбейе алады.

Көкіріңді таяқша – адам ауруларының қоздырғышы

Көкіріңді таяқша тұрғындар арасында жоғары деңгейде жиі кездесетін жеткілікті түрде қауіпті әрі агрессияшыл. 35% несеп шығару жүйесі жұқпалы ауруы осы таяқша арқылы қозады, сонымен қатар 25% хирургиялық ірінді үдерісі туындайды. Бактерияның қанға өтуінің ширек жағдайлары сондай-ақ P. аeruginosa арқылы туындаған. 20% дейін ауруханаішілік және қарым-қатынас жолымен жұғатын жұқпалы аурулар көкіріңді таяқшалар арқылы туындаған. Көптеген зарарсыздандыратын ерітінділер мен антисептиктердің әрекетіне жеткілікті төзімді (хлоргексидин және фенол зарарсыздандыратын дәрі-дәрмегі), кейбірінде тіпті өсіп-өнеді. Оны тек хлорамин, сутек тотығы және карбон қышқылы ерітіндісімен жоюға болады.

Көкіріңді таяқшасының дерт туындатушылық ықпалы – бұл:

1) Жалған аяқ арқылы қозғалғыштығы;
2) Эритроцит, бауыр жасушасын зақымдайтын, ошақтарда лейкоциттердің қырылып улануына ұшырататын, уытты өндіруге қабілетті (эндотоксин, экзотоксин, эндогемолизин, лейкоцидин ферменті);
3) Науқастың емдік шараларының тиімділігіне кедергі келтіретін бактерияға қарсы дәрі-дәрмектерге жоғары төзімділігімен өзінің ошағы айналасына шырыш тәріздес капсула – гликокаликс (көбіне беталактамам, аминогликозид,фторхинолондарға төзімді) тудырады.

Жұғу жолдары: тұрмыстық – жанасу, ауа-тамшылары және азық-түлік арқылы.

Қоршаған ортадан тыс, яғни, су және тамақ өнімдерінен (сүт,ет өнімдері) бөлек, бактерия қорқор колбасының қабырғасында, шұңғылша бетінде, шүмекте, унитазда, есікте, ортақ сүлгіде, сондай-ақ медицина қызметкерінің қолында және нашар өңделген медициналық құрал-саймандарда тіршілік етеді.

Алтын түсті стафилоко́кк (лат. Staphylococcus aureus) — стафилококк қатарына жататын шар тәріздес бактерия.
Стафилококк бактериясының бұл түрінің атауы оның сыртқы кескініне байланысты аталған, микроскоп арқылы қарағанда көрінеді – алтын түсті стафилококк каротиноидтер тобының ерекше пигменттерінің арқасында алтын түске ие болған, негізінде көптеген бактериялар мүлде түссіз болып келеді.

Алтын түсті стафилококк кең таралған – 20%-40% әлем бойынша тұрғындар аталған бактерияның тұрақты тасымалдаушысы болып табылады, тері қабатында және жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығында сақталады. Алтын түсті стафилококк көбінде адамның бет терісінде, мұрнында, қолтық астында болады.

Жұғу жолдары: ауа тамшылары және тұрмыстық-жанасу (күтуші персоналдардың қолы). Жұқпаның көзі науқас және алтын түсті стафилококкті таратушы болып табылады.

Алтын түсті стафилококк өте төзімді- +150 градус температурада 10 минутқа дейін, күннің көзінде 12 сағатқа дейін төзімді. Аталған бактерияға сутек тотығы төтеп бере алмайды (ол оны жояды), керісінше бактерияға қосымша кислород береді. Қорқордың ортасы – колба қабырғасы, сұйықтық және түтігі жоғары төзімді бактерия үшін өте қолайлы.

Сонымен қатар, алтын түсті стафилококк тұзды ерітіндіде өмір сүре береді, сол себепті тері бездерінде, түк қапшығында липаза ферменттерінің өнуіне жәрдемдесіп оңай дамиды.

Алтын түсті стафилококкпен аурудың салдары.

Бұл бактерия барлық стафилококктердің ішіндегі ең зарарлысы, тері жұқпасынан бастап: безеу, импетиго, шиқан, флегмона, көршиқан және абцесс – өлім қауіп-қатерлі ауруларға дейін: өкпе қабынуы, миқұрт, остеомиелит, эндокардит, жұқпалы-уытты шок, сепсис ауруларының кең диапазонды қоздырушысы және «ірінді көшбасшы». Ауру диапазонының жайылуы тері, жұмсақ тін, тыныс алу, сүйек, буын және тамырдан бастап, жарақат жұқпалары мен ішек улануына дейін барады. Ол осы кезге дейін отадан кейінгі жара жұқпасын жиі тудыратын ауруханаішілік жұқпаның төрт себеп-салдарының бірі болып саналады. Стафилококк әр түрлі антибиотиктерге ең төзімді бактерия.

Асперги́лл (лат. Aspergillus)- әлем бойынша әр түрлі климаттық жағдайда кең таралған бірнеше түрі бар жоғары сатыдағы зең саңырауқұлақтарының жеке туысы.
Саңырауқұлақтың жіпшумағы өте мықты, жоғары сатыдағы қалқанды зең саңырауқұлақтары үшін тән. Аспергиллдар жалпы барлық кластар үшін тән жыныссыз өрбу жолдарын жасайтын спорлармен таратылады.

Жұғу жолдары: зең саңырауқұлағы ішке тыныс алу жолдары мен ауыз қуысы арқылы тарайды.

Органикалық қалдықтарды белсенді жоятын жерде кеңінен тараған. Олардың көбі азық-түлікті көгертіп, өндірістік бұйымдарды (мата, былғары, пластмасс) бұзады. Сыртқы ортаға өте төзімді.

Аспергилланы жұқтырудың салдары.

Қорқордан Аспергиллез тудыратын аспергилла түріне жататын зең саңырауқұлақтарының толық шоғыры табылды. Науқас адамда аталған аурудың басты формасы болып:

1) Бронх-өкпелік аллергиялық аспергиллёз, науқасты респираторлық жұқпалармен: бронх демікпесі, муковисцидоз (сарысулы ісік фиброзы) және синусит сияқты аурулармен зақымдайды.
2) Инвазиялық аспергиллёз — айналадағы тінге қабаттаса өсетін зең саңырауқұлақтарындағы аспергиллёза формасы, көбіне иммунитеті төмен адамдарда кездеседі.
3) Аспергилома (англ.) — шар тәріздес зең саңырауқұлағының байлануы, ол қолтықта және қуыста, мысалға, өкпеде қалыптасады.

Аспергилла зең саңырауқұлағы ауыз қуысы жұқпалы ауруларының себепшісі - гингивиттер, қызылиек ісігі және ойық жарасы.

Кандида (Candida) — ашытқы тәрізді саңырауқұлақ. Ашытқы тәрізді Сandida саңырауқұлағы — 6–10 мкм мөлшердегі бір жасушалы микроағзалар. Candida саңырауқұлақтары қоршаған ортада кең таралған. Олар топырақта, ауыз суда, азық-түлікте, адамның және жануарлардың терісінде, шырышты қабығында болады.
Candida саңырауқұлақтарының өрбуі үшін 21–37 °С температура қолайлы болып келеді, қорқор колбасындағы сұйықтықтың температурасы осы шамада. Candida саңырауқұлағының түрі дені сау адамның ауыз қуысында 25% жетсе, ішектерде 65–80% дейін жетеді. Candida түріндегі саңырауқұлақтар адамдарда өте жиі кездесетін шартты-патогенді саңырауқұлақтар болып табылады. Candida түріндегі саңырауқұлақты тудыратын адамдағы басқа кандидозалардың арасында 86% жағдайда жұқпалардың негізі Candida albicans түріндегі саңырауқұлақтар болып келсе, 9% жағдайда Сandida tropicalis. Сонымен қатар, адам үшін патогенді болатын мына түрлер: Сandida krusei, Candida glabrata, Candida parapsilosis, Candida guillermondii.

Жұғу жолдары: тұрмыстық-жанасу және азық-түлік арқылы.

Қорқор шайындысында аса тітіркендіргіш болып келетін Кандида ашытқыш саңырауқұлақтары табылды. Кандида ашытқыш саңырауқұлақ патогенді, ол шырышты жарғақша мен тоқ ішекте өмір сүреді. Кандиданың 140-қа жуық түрі бар, нақты бір жағдайда кандидозаға әкеліп соқтыратын олардың басым бөлігі патогенді. Кез келген ішкі мүше кандиданың жұғуына байланысты зақымдануы мүмкін, оның ішінде тері мен шырышты қабық адамның денсаулығының жағдайына қарай (ағзаның төтеп беруі) зақымданады.

Кандида саңырауқұлағымен аурудың салдары.

Қазіргі уақытта кандиданың 150-ден астам түрі анықталған, 95% жағдайда ауру Candida albicans туындатады. Кандида иммунды жүйені әлсірететін уытты бөліп шығарады. Еуропа зерттеулеріне сәйкес кандиданың кез келген дене бетінде немесе мүшеде болуы дұрыс емес, денсаулыққа зиянын келтірмесе де алдын алып, екпінді емделуі қажет.

Кандида патогенді болғаннан ішек қабырғасын зақымдайды да, қанға саңырауқұлақ тіршілігінің уыты тарап қана қоймай, қоректің жекелеген компоненттері де таралады.
Ол барша шырышты зақымдайды, ішек дисбактериозының, ауыз қуысы кандидозасының, несеп-жыныстық кандидозасының көзі болып табылады. Зең ауруларына қарсы препараттарына төзімді болғандықтан, емделу қиынға соқтырады.
Саңырауқұлақ белсенді көбейгенде аллергиялық аурулардың таралуына өте қауіпті – спецификалық бронх демікпесі, дерматит, есекжем. Шамамен 17% жағдайда кандида асқазан – он екі елі ішек қабыну жарасында, 35% ойық жаралы колит пен Крон кеселінде, 50% фибромиалгиада, 70% аутизмде кездеседі. Аса ауыр формасында саңырауқұлақ ми қабығы мен жүрек қақпақшасын зақымдайды.

Ішек таяқшасы (Escherichia coli, E. coli) – таяқша тәрізді бактерия, факультативті анаэробтар тобына жатады (атмосфералық оттексіз кеңістікте тіршілік ете алатын ағза).
Ішек таяқшасы көптеген штаммға ие, олардың көбі адамдардың ішек табиғи микрофлорасына тән және қауіпсіз. Бірақ оның кейбір түрлері тым уытты (мысалы, серотип О157:Н7) және ауыр дерт туғызуға икемді.
Ішек таяқшасы тоқ ішекте орналасады. Сыртқы ортаға шықса, онда олар біраз уақыт тіршілік ете алады. Бұл фактор ортаның нәжіспен ластануын зерттеу барысында айрықша маңызды.

Жұғу жолдары: азық-түлік және нәжістің ішке түсуі.

Ішек таяқшаларының басым тобы адам үшін қауіпсіз, алайда кейбір уытты штаммдар тамақтан улануды туғызады және несеп-жыныстық ауруларды қоздырады, ал олардың арасындағы аса уыттылары иммунитеті әлсіреген балалар мен қарт адамдарда сепсис пен миқұрт ауруын қоздырып, өлімге әкеледі. Негізінде, уытты штаммдар E. сoli ауқаттық жолмен ағзаға түседі және топ арасында ортақ қорқорды пайдалану ішек жұқпасының ағзаға түсудегі оңтайлы жолы болып табылады.

Ішек таяқшасымен аурудың салдары

Кейбір штаммдар туғызатын ішек таяқшаларынан тамақтан улануды қоздырады, олардан бөлінетін токсиндер өте қауіпті. Осы токсиндердің кейбірі әлеуетті қауіпті. Ішек – қарын жолының шырышты қабығында және қабынған тінде (қабыну ошағы) залалды микроағзаны көрсетеді.

Ішек таяқшаларының белгісі ішек дисбактериозының жазылмалы клиникалық көрінісі болады: нәжіс шығарудың бұзылуынан бөлек (іш қату, іш өту), науқастан жүрек айну мен құсу, іштің кебуі мен іштің ауруы көрінісі байқалады. Нәжіс массасының иісі өзгереді, ауызда жағымсыз иіс пайда болады. Жалпы улану белгісінің арасында – жоғары шаршағыштық, әлсіздік, ұйқышылдық, тәбеттің болмауы байқалады.
Сонымен қатар, ішек таяқшаларының кейбір штаммдары несеп-жыныстық жүйені зақымдайды,кольпит, цистит, простатит тудырады, кейде гемолиздік-уремиялық синдромның, іш пердесі қабынуының, маститтің және өкпе қабынуының өрбу себепшісі болып табылады.