Тұншықтырғыш газ
Тұншықтырғыш газ (СО) – түссіз улы және иіссіз газ, кез келген жанатын заттың салдары болып табылады. Гемоглобинмен белсенді байланысады да (оттектен жеңіл болғандықтан), карбоксигемоглобин түзіп, тін жасушасына келетін оттекті құрсаулайды, бұл барша ағзаның оттек жетіспеушілігіне әкеп соқтырады. Тұншықтырғыш газ сонымен бірге тіндегі биохимиялық тепе-теңдікті бұзып, тотықтырғыш реакцияға қосылады.
Қорқордан улану көбіне тұншықтырғыш газды белсенді түрде ішке тартудан болады. Тұншықтырғыш газ көмірден (650°С дейін қызады) пайда болады. Есіңізде болсын, сіз қорқордың түтінін ішіңізге тартқанда тек темекі дәмін ғана емес, сіз тұншықтырғыш газды да тартатыныңызды ұмытпаңыз.
Сонымен қатар, тұншықтырғыш газ дағдылану әсерін ұлғайтушы ықпал болып табылады. Шылымқорды бірнеше рет ішке тартқаннан кейін құрсаулайтын айрықша масайрау күйі билейді. Ғалымдардың зерттеулері бұл әсер адамның қан тамырларының қатты ұлғайып, жеңіл масаю тәріздес күйге түсіретін көміртек монооксидін туындататынын көрсетті.
Кей адамдар қорқор шегу үдерісін алкогольді сусындарды ішумен араластырғанды ұнатады, бұл масаюды ұлғайтады және жеңіл уақыт өткізу қиялына еліктіреді. Мұндай «көңіл көтеру» кенеттен терең естен тану ақырына әкеліп соғуы мүмкін.Жүрек-қан тамырларының жүйесі артық тұншықтырғыш газ бен алкогольді көтере алмайды. Қорқорды шегу кезінде зардап шегетін ең бірінші нысана – мүшелер сіздің өкпеңіз бен жүрегіңіз.
Мына кесте «Біздің кезеңде тұншықтырғыш газ барлық жерде: көліктен, зауыттардан бастап үй пештерінде! Көбі не, азы не, бәрі бір емес пе?» деп айтатындар үшін.