ҚР Қорқорға тыйым салу

ҚР қорқор туралы Заңы

2012 жылдың 31 тамызындағы ресми хат
ҚР бас прокуратурасы қорқор темекі өнімдерінің бір түрі болып саналатынын
және тиым салуға жататынын түсіндірді.
Тиым салу себебі
Қорқор 30% ащы қара темекіден құралады және ішке тарту арқылы
олданылатындықтан темекі өнімдеріне жатады. Санитарлық дәрігерлердің
зерттеулерінен ішек бактериясы, көкіріңді таяқша, алтын түстес стафилакокк, зең
саңырауқұлақтары мен ашытқыларының толық шоғыры табылды.
Қоғамдық орындарда қорқор шегу туралы тиым
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР
Кодексінің 159 - бабына сәйкес жекелеген қоғамдық орындарда
темекі бұйымдарын, соның ішінде қорқорды да тұтынуға ТИЫМ САЛЫНҒАН.
Қорқорды қай жерде шегуге тиым салынған?
ҚР бас санитар дәрігерінің қорқорды шегуге
тиым салынған орындардың тізімі туралы Қаулысы.
Қорқор шеккені үшін қанша айыппұл салынады?
ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жекелеген
қоғамдық орындарда қорқор тұтыну 3 АЕК-тен бастап 40 АЕК
көлемінде айыппұл салынады.